Бөлiм туралы
Жаңалықтар
Бөлiмнiң жұмысы
Статистикалық ақпарат
Талдамалы ақпарат
Фотогалерея
Мемлекеттiк сатып алулар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сiлтемелер
Бағдарламалар
Қарым - қатынас
Сайт картасы
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Нормативтік-құқықтық актілер
Тұрғындармен жұмыс істеу
Кадрлармен қамтамасыз ету
Көрме және конкурстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - әрекет мәселелері
Арнайы экономикалық аймақ
Саран қаласы кәсіпорындарының тізімі
Қала туралы
"2012-2020 жылдарға арналған Моноқлаларды дамыту бағдарламасы" шегінде мемлекеттік гранттарға Конкурстық құжатнама бөлімін ашу
Pos-терминал
Мәліметке арналған ақпарат
Мемлекеттік сатып алулар
Жасыл экономикаға
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Жария тыңдаулар
Қала басшылары
 
 
Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел предпринимательства города Сарани» Карагандинской области:








 


ГлавнаяТалдамалы ақпарат


Талдамалы ақпарат



2013 жылғы 1 тоқсанға шағын және орта бизнестің дамуы
2013 жылы ішінде шағын және орта бизнестің дамуы
2014 жылы ішінде шағын және орта бизнестің дамуы
2016 жылы ішінде Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық даму талдамасы
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын Саран қаласында 2013 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 2012 жылы ішінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді.
Саран қаласының өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағада 2011 жылдың осындай кезеңiне 109,4% өсу қарқынында 23084,5 млн. теңгені құрады және жеке көлем индексінде - 103,6%. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша өндіріс көлемі өсуінің жалпы қарқыны қолданыстағы бағада 105,9% құрады.
Қалада аймағында химиялық, тағам, жеңіл өнеркәсіптік, сонымен қатар құрылыс индустрия және металл өңдеу кәсіпорындармен ұсынылған өңдеу өнеркәсіп өндірісі бұрынғыдай басымдылыққа ие.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаның маңызды бағыты – экономикаға инвестицияларды тарту. Жылдың басынан қалада инвестицияларды тарту оң тенденциясы сақталды. Есептік кезең ішінде негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 2011 жылғы осындай кезеңінің көрсеткішіне қарағанда салыстырмалы бағада 8,3 млн. теңгені немесе 124,6% құрады.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басты құралдары 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Экспорт-2020» бағдарламалары болып табылады.
Саран қаласы бойынша аймақтық Индустрияландыру картасына 4959,8 млн. теңге – инвестицияның жалпы сомасында 7 жоба қосылды, жұмыс орындарын ашу бойынша жоспар – 330.
2010 - 2011 жылдар ішінде 5 объект іске қосылды, 1693,6 млн. теңге – инвестициялар игерілді, 200 жаңа жұмыс орын –ашылды:
«Kazcentreleсtroprovod» ЖШС полиэтиленді құбырлар өндірісі ,
«Евромет» ЖШС көмірден металлургиялық коксті алумен қатар жылутехникалық кешеннің құрылысы және іске қосу,.
«Мастер - klass строй» ЖШС клинкерлік термопанелдер өндірісі
«КЭЛСИС» ЖШС LAN оқшауланған жүйелер үшін телекоммуникациялық кәбіл өндірісі,
«Хром - Т» ЖШС ферросплавті өндіріс кешенінің құрылысы.
2010 жылы іске қосылған 2 жоба жобалық қуаттылыққа шықты:
2540 млн. теңге жалпы құнымен, 130 жаңа жұмыс орынын ашумен 2 жобаның іске асырылуы жалғастырылуда.
«Геополимер» ЖШС арнайы мақсаттағы біріктіргішті шығару бойынша зауыт құрылысы, іске қосу мерзімі – 2013 жылдың қазанында;
«ККК Бетон» ЖШС темірбетонды бұйымдар өндірісі бойынша зауыт құрылысы, іске қосу мерзімі - 2015 жыл.
Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мониторинг тұрақты бақылауға алынды. Кәсіпорындармен бірлесе отырып жобаларды іске асыру бойынша жоспарлар-кестелер дайындалды.
Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау және жобаларды іске асыру кезінде туындаған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында айына 2 реттен кем емес кәсіпорындармен-жобалар бастамашылармен және мүдделі ұйымдармен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мәжіліс өткізіледі.
Үдемелі индустриялық саясатты іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында Саран қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесі құралды. Кеңес отырысы тоқсан сайын өткізіледі.
Жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңейуіне байланысты кәсіпорындардың, соның ішінде жаңа инновациялық өндірістердің білікті кадрлар қажеттілігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2012 жыл ішінде жұмыс берушілермен 81 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл жобаланғаннан 2,5% артық (жоспар - 79 жұмыс орны), соның ішінде:
жаңа өндірістерді ашу есебінен -40 жаңа жұмыс орыны,
кеңейту есебінен – 41 жаңа жұмыс орны.
Кәсіпорындармен іскерлік байланыстарды, серіктестікті жақсарту және өнімді ішкі және сыртқы нарыққа жылжыту мақсатында қала кәсіпорындарының облыстық, республикалық, халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысуын ұйымдастыруға көмек көрсетіледі.
Өндірілетін өнімнің сапасын және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру үшін сапа менеджменті стандарттарын енгізуге көмек көрсетілді, ол үшін консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізілді, өзара әрекеттесудің жаңа формалары іздестірілді. Қазіргі кезге дейін сапа менеджменті жүйесі бойынша қаланың 28 кәсіпорыны және ұйымы сертификатталды.
Кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділін арттыру мақсатында бір тоқсанда бірден кем емес шағын және орта кәсіпкерлікті қаржы-кредиттік қолдау мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен кездесулер өткізіледі.
Қаланың ірі және орта кәсіпорындарының отандық жеткізушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үлесіне ай сайынғы мониторинг жүргізілуде.
2012 жылдың қорытындылары бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың отандық жеткізушілерден тауарларды алу 86,9% құрады, соның ішінде тауарларды сатып алу көлемі бойынша – 85,7%, жұмыстарды -98,3 % және қызметтерді – 100%.
Қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында арнайы киімдер, құрал-жабдықтар үшін қосалқы бөліктер, құрылыс материалдар, жөндеу-құрылыс жұмыстар, көліктік қызметтер бойынша тауарларлы, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін қаланың жүйе құраушы кәсіпорындарының шағын бизнес субъектілермен өзара байланысты орнату және дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі, отандық тауарөндірушілердің республикалық және аймақтық форумдарда, семинарларда, мәжілістерде, «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмеге қатысу үшін кәсіпорындарға көмек көрсетіледі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында келесі жұмыс жүргізілді.
«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыт аясында 2012 жылы ішінде кредиттің 137,9 млн. теңге жалпы құнымен 3 инвестициялық жоба банк кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша кредиттелді.
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін Үйлестіру кеңесінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау және Саран қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймақтағы автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жоба мақұлданды.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» – үшінші бағыт бойынша 1 экспортшы кәсіпорын («Қарағандырезинотехника» ЖШС) пайыздық ставканы субсидиялау бойынша кредиттелді.
«Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» - бағдарламаның төртінші бағыты аясында ағымдағы жылы біздің қаламыздың 7 кәсіпорыны қатысты, бизнес негіздері бойынша 86 жаңа бастап келе жатқан және жұмыс істер тұрған кәсіпкерлер оқытылды.
«Іскерлік байланыстар» жоба аясында, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламаның бөлігі ретінде қаланың жеңіл және азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
«Өнімділік – 2020», «Экспорт 2020» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы кәсіпкерлікті ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді (семинарларда түсіндірілді, ақпарат кәсіпорындарға жолданды, сайтқа орналастырылды). Қазіргі кезде, аталған бағдарламаларға қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын қатыстыруға тарту және өтінішті жинау бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Өнімділік -2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы – «ККК Бетон» ЖШС қолдау алды.
«Экспорт - 2020» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдауды алуға «Kazcentreleсtroprovod» ЖШС өтініш берді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Развитие малого и среднего бизнеса за 2012 год.



...

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық  телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. 

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу


...





Сенiм телефоны
(72137) 74030

 
Саран қаласындағы кәсіпкерлік қызметтің даму деңгейін бағалау?
Дауыс берудің мұрағаты
Ауа-райы
Астана 
Саран 
Қарағанды 

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        5.57


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031