Бөлiм туралы
Жаңалықтар
Бөлiмнiң жұмысы
Статистикалық ақпарат
Талдамалы ақпарат
Фотогалерея
Мемлекеттiк сатып алулар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сiлтемелер
Бағдарламалар
Қарым - қатынас
Сайт картасы
Мемлекеттік қызметтің имиджі
Нормативтік-құқықтық актілер
Тұрғындармен жұмыс істеу
Кадрлармен қамтамасыз ету
Көрме және конкурстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - әрекет мәселелері
Арнайы экономикалық аймақ
Саран қаласы кәсіпорындарының тізімі
Қала туралы
"2012-2020 жылдарға арналған Моноқлаларды дамыту бағдарламасы" шегінде мемлекеттік гранттарға Конкурстық құжатнама бөлімін ашу
Pos-терминал
Мәліметке арналған ақпарат
Мемлекеттік сатып алулар
Жасыл экономикаға
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Жария тыңдаулар
Қала басшылары
 
 
Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел предпринимательства города Сарани» Карагандинской области:








 


ГлавнаяҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері


Қазақстан Республикасының ...



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.


...

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық  телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. 

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу


...





Сенiм телефоны
(72137) 74030

 
Саран қаласындағы кәсіпкерлік қызметтің даму деңгейін бағалау?
Дауыс берудің мұрағаты
Ауа-райы
Астана 
Саран 
Қарағанды 

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        5.57


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031